Ұлағатты сөздер

Отаншылдық – ең ізгі сезім.
Л.Н.Толстой

Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ, — деп, ер қайратына мін-дағы, өрге бас!
М.Әуезов
Адамның адамгершілігі ұстаздан болады.
А.Құнанбаев

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ы.Алтынсарин

Ұлағатты сөз – бойыңа жігер, қуат ұялатады. Ұлағатты сөз — әрқашан тірегің. Ұлағатты сөз – айқасқа шығарда қалқаның. Ұлағатты сөз — әрқашан да серігің. Әр ұлан біруақ аталар сөзіне ден қойса, «көргенсіз ұл, әдепсіз қыз» болмайтынымыз анық.
Әсем ӘБІЛҒАЗЫ.
Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *