Жеңімпаздар марапатталды

13bet_f4Редакция ұйымдастырған «Ауылымның мәртебелі азаматы» бәйгесінің жүлдегерлері, биыл жылдағымен салыстырғанда едәуір көп. Соған байланысты, жеңімпаздар облыс орталықтарына арнайы шақыртылып, марапатталуда. Жақында, «Мөлдір бұлақ» журналының шығармашылық ұжымы Атырау облыстық білім басқармасында арнайы марапаттау рәсімін өткізді.

Алтынгүл және ұстазы А.Убешова.


Назым Әліпмұратова, Алтынгүл Есполова, Базаркүл мен Нұргүл Жұмашеваға сыйлықтары тапсырылды. Сол жеңімпаздардың ішіндегі Нұргүл С. Имашев атындағы орта мектепте педагог-ұйымдастырушы болып істейді екен. Және сырттай білім алуда.
— Журналды бұрыннан білемін. Бәйге шартында студенттердің де қатысуына болады делінген. Сол себепті, ауылыма танымал азамат туралы жаздым. Жеңімпаз боламын деп ойлаған жоқпын. Келесі бәйгеге мектеп болып қатысамыз, — дейді қуанышын жасыра алмай.
13bet_f5Осы марапаттау рәсіміне облыстық білім басқармасының бастығы Қилымғали Қайненұлы, облыстық ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары Ағиба Қатешова, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Зылиха Қадырбайқызы, бөлім бастығы Татьяна Зейнелқызы қатысты.А. МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.

Базаркүл мен үстазы М.Аманова.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *