Ауылым

19bet_f1Төбемде құстар самғап қиқулаған,
Ауылда өткен тамаша әр күн маған.
Бір жағында ауылдың су сыбдыры,
Бір жағында ат шауып, тай ойнаған.

Табиғаты әдемі ауыл жақтың,
Ауылым өсе берші, әр жыл, әр күн.
Сен үшін тілеймін мен, бар жақсылық,
Қадірлеп ардақтайды сені әркім.

Алмас ТӨКЕНОВ.
ШҚО, Аякөз ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *