“Таңбалы таста” тұнған сыр

Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Қопа бекетінің күншығысында «Таңбалы тас» деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғалардан, өзектерден тұрады. Жан-жағындағы сай-табанында күнге әбден күйген жалпақ гранит тас бар. Тастың беті толған сурет. Таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері сол тасқа қашалып салынған. Қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған. Кейбіреулері желбірете ту ұстаған 22 сарбаздың суреті өте әдемі бейнеленген. Олар – VI-VIII ғасырлардағы түрік жауынгерлерінің бейнесі. Қар кетіп, табиғат оянған кезде ежелгі адамдар күнге табынған. Басы күн кейіптес құдайлардың кескіндері соны білдіреді. Оларды айнала билеп жүргендер – көне заман бишілері. Таутекеге садақ кезеніп тұрған садақшылар, бір топ киіктерді қуып келе жатқан аңшылар және басқа толып жатқан сюжеттер мен композициялар берілген. Археологтар «Таңбалы тасты» зерттеген кезде, бұл жер тас дәуірінің өзінде, ертедегі адамдардың табынатын «қасиетті жері» екені анықталды. Зерттеу барысында бес мыңдай сурет есепке алынды. Олардың салынғанына төрт мың жыл өткен. Қазір «Таңбалы тас» ЮНЕСКО-ның қарамағына алынып, туристер келетін мекенге айналған. Дайындаған: Нұргүл МҰХАМБЕТИЯРОВА. «Мөлдір бұлақ» жас тілшісі.

ПІКІР ЖАЗУ