Тұңғыш қазақ киноактері

20bet_f42Қазақтан шыққан ең тұңғыш киноактер кім дегенде, кім-кімнің де ойланып қалатыны рас. Өйткені, ол туралы осы күнге дейін ешкім тіс жармапты.  Ұмытып кеткен. Ол кісі – Қасқырбай ҚАРСАҚБАЕВ деген аталарың болатын.  Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында бір топ қазақстандық өнерлі жастар Мәскеу театр институтында білім алады. Олардың арасында болашақ белгілі әртістер Әмина Өмірзақова, Хадиша Бөкеева т.б. бар еді. Мәскеу киностудиясынан «Бірінші Петр» фильмі шығатын болып, жастар арасынан Қарсақбайды таңдайды.20bet_f32 — Бір от жігіт еді, — деп еске алатын Әмина апай ол туралы. – Ең бай студент болды. Кинодан көп ақша табатын. «Қасқырбай, біз ашпыз» дейміз. «Жүріңдер ендеше» дейді ол. Асханаға апарып, бәрімізді тойдыратын. Оның аты-жөнін көп адамдар  аңызға айналдырып жүреді. Аталарыңның атын айтуға қиынсынып, құрбы-құрдастары «Коля» деп орысша атап кеткен. Соның кесірінен «Бірінші Петр» киносының титулында «Н.Карсакпаев» деп жазылыпты. «Н» дегені – Николай… Оны қазақ емес, басқа ұлт өкілі деушілер де табылған. Шын мәнінде ол – қазақ. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында туылған. Әділ БАЛТА.

ПІКІР ЖАЗУ